Фото: Stan.kz
Қазақстанда академиялық ғылыммен айналысатындарға бағытталған жаңа ипотекалық бағдарламасы іске қосылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еліміздің мың жас ғалымы жеңілдетілген шарттармен пәтер ала алады.
Олар 20 миллион теңгені 19 жылға дейін ала алады. Ол үшін 10 пайыз алғашқы жинақ болса жеткілікті. 9 жылдан соң ай сайынғы ипотека төлемі екі есеге азаяды.
36 адам осы бағдарламамен үй алып үлгерген. Жас ғалымдарға арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасына 16,5 миллиард теңге бөлінді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!