Ол үшін жолаушы өз құрылғысында Wi-Fi қосып, содан кейін тізімнен KTZ желісін таңдауы керек.

Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін еліміздегі барлық поезда ақпараттық жүйелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа қызмет түрі енгізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Осылайша, вагондардағы Wi-Fi арқылы кең жолақты интернетпен қамтылмайтын аймақта жолаушы жеке электронды құрылғысын, ұялы телефоны немесе планшетін қолдана отырып, көркем, деректі фильмдер және мультипликациялық туындыларды көре алады әрі музыкалық шығармаларды тыңдай алады. Аталған қызмет түрі жолаушылар үшін тегін.

Ол үшін жолаушы өз құрылғысында Wi-Fi қосып, содан кейін тізімнен KTZ желісін таңдауы керек. Әрі қарай браузерді ашып, http://vputi.kz сайтына өту қажет.

Сонымен қатар «Жолаушылар тасымалы» АҚ тарапынан «Трансфермен жол жүру», «Перроннан үйге дейін», «Арнайы автобус», «Тұрақты шаттл», «Бурабай бойынша трансфер» сияқты сервистік (интермодальдық) қызмет түрлері көрсетіледі.

«Трансфермен жол жүру»

«Пойыз+пойыз» – ыңғайлы саяхат және жолаушының уақытын үнемдеу үшін жүйе сапарға шыққан адамның пойыздан пойызға ауысуы үшін қолайлы нұсқалардың бірін таңдайды. Онлайн-сервис bilet.railways.kz сайтында іске қосылған және билет кассаларында қолжетімді. Бүгінгі таңда 7500-ден астам билет осы қызмет түрін пайдалана отырып ресімделген.

«Перроннан үйге дейін»

«Пойыз+Автобус» – жолаушыларды «Нұрлы Жол» вокзалынан үйге тасымалдау қызметі. Қазіргі уақытта қызметті «Алматы-Астана» және «Шымкент-Астана» бағытында қатынайтын пойыз жолаушылары пайдалана алады. Кейін аталған қызмет түрімен қамту аймағы кеңейтілетін болады.

 «Арнайы автобус»

«Пойыз+автобус» – пойыздан автобусқа ауысып, Астанадан солтүстік аймақтың елді мекендеріне сапарға шыққан жолаушыларды тасымалдауға арналған сервис.

 «Тұрақты шаттл»

«Пойыз+Автобус+ұшақ» – «Нұрлы Жол вокзалы-аэропорт-Қосшы әуежайы» бағыты бойынша жолаушыларды шағын автобустармен күнделікті тасымалдау сервисі. Жоба жолаушылар ағыны жоғары кезеңдерде теміржол мен авиация көлік байланысын қамтамасыз етеді. Қызмет құны 950 теңгені құрайды.

Тұрақты шаттл күнделікті жөнелтіліп тұрады:

сағат 08.30-да вокзалдан әуежайға және Қосшы қаласына;
сағат 09.10-да әуежайдан Қосшы қаласына;
сағат 16.30-да Қосшы қаласынан әуежай мен вокзалға дейін;
сағат 17.10-да әуежайдан вокзалға дейін.
Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін аталған шаттл вокзал алдындағы алаңда, әуежайдағы автотұрақта және Қосшы қаласындағы «Әйгерім» сауда үйінің маңайында күтеді.

«Бурабай бойынша трансфер»

«Электропоезд + Электроавто» – қызмет Бурабай курорттық аймақтары бойынша №7507/7508 Астана-Көкшетау, №6830/6829 Ерейментау-Көкшетау электр пойыздарымен қатынайтын жолаушыларды тасымалдауды көздейді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!