Облыстық «Жастар ресурстық орталықтары» аймақтағы жұмыссыз, NEET санатындағы жастарға арналған «Еңбек жасақтарының» жұмысын жандандыруды қолға алды.
Бұл ретте арнайы тұжырымдама әзірленді. Әрі қарай еңбекке ынталы жастарды тіркеу, оларға бағытталған жұмыс нақты жоспармен бекітілді. Жасақ құрудың басты мақсаты – жұмыссыз жастарды еңбекпен қамту, еңбекке құлшынысы жоғары жастарды жұмысқа сүйемелдеу, уақытша немесе тұрақты жұмыспен қамту.
Сондай-ақ ол жастардың әлеуметтік жағдайына мониторинг жүргізу арқылы дамуына үлес қосуды көздейді. Өткен жылы өңірде 12 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, жылдық жоспар толық орындалды. Осының нәтижесінде жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыздан төмендеді. Аймақтағы жалпы жұмыс күшінің саны 347,2 мың адам, оның ішінде 22,2 пайызы немесе 77,1 мыңы жастар.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!