– Еріктілер немен айналысады?

– Әр еріктінің басты міндеті – шын ниетпен көмектесу. Өзгеге жақсылық істеу – адам табиғатына тән нәрсе. Оның үстіне халқымыз кашанда кайырымдылықтан кенде болмаған, жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған. Бұл қасиет оның болмысының ажырағысыз құрамдас бөлігі болса керек. Мысалы, бұрын ауыл-аймақта көрші-қолаң жиналып, мұқтаж жанға қолынан келгенше көмек көрсетіп, асар істеген. Сондықтан қазір ерікті болу таңғаларлық іс емес. Көмек көрсету – біздің қанымызда бар.

– Ерікті болу сізге не береді?

– Ерікті болу басында айтып өткеніміздей сізге ешқандай материалдық қажеттілік бермейді. Бірақ сіз оның орнына алғыс аласыз, жақсылыққа кенелесіз. Бұл – сіздің адамгершілігіңіздің белгісі. Дегенмен ерікті болу арқылы сіз үлкен тәжірибе жинақтайсыз. Ортамен тез тіл табысуды меңгеріп, адамгершілігі мол таныстар, достар таптым

– Ерікті болу – қандай мүмкіндіктерге жол ашты?

– Ерікті болу арқылы алдыңғы буын аға-апаларыммен танысып, білісуге және өз ойымды ашық жеткізу мен қатар басқа қалаларға сапар шегуге, ең бастысы өз жобамды ашуға жол ашты.

– Еріктілерге қоғамда көзқарас қандай?

– Осы 2020 жыл еріктілер жылы деп аталынып, еріктілерге көп көңіл бөлінгеннен кейін еріктілер жайында сұрап, іздестіріп, халық кеңінен біле бастады. Яғни менің айтқым келгені, қоғамның еріктілерге деген көзқарас жақсы,пікір оң.  Шетелде ерікті болу таңғаларлық іс емес. Екінің бірі жақсылық істеуге дайын тұрады. Концерттер, марафондар ұйымдастыру барысында бізді балағаттап, координаторларымызбен ұрысып, біраз түсініспеушілік болса да, болашақта ерікті болуға әр адам ұмтылады. Мен бұған сенемін. Өйткені жақсылық істеу қиын емес. Қоғамды жамандай бергенше, сол қоғамның бөлшегі адамдар  жақсылыққа ұмтылуы керек.  

– Карантин кезінде еріктілер қалай жұмыс жасауда? Коронавирусқа қатысты шараларға қаншалықты атсалысып жатыр деп айта аласыз?

– Карантин кезінде де еріктілер жұмысы тоқтамады. Карантиндік режимді сақтауға үлесімізді қосып маска, антисептик таратылды. Карантиндік режимді сақтай отырып қарт кісілерге, балалар үйіне, қарттар үйіне көптеген көмек көрсетілді және карантинге байланысты сабақ онлайнға ауысқан болатын, осы тұста техникалық құралдар жинақтап жағдайы төмен отбасыларға тараттық.

–Мемлекет тарапынан еріктілерге қолдау бар ма?

– Президент осы жылды – Еріктілер жылы деп жариялады. Ерікті түнге қалса тегін жеткізіп тастау, 4 сағаттан аса жұмыс болса тағамын беру бар. Бірақ біздің басты мақсатымыз – адамдардың бір-біріне барынша жанашыр, мейірімді болуына түрткі болсақ дейміз. Студенттердің арасында еріктілер саны артатынына сенемін. Президент оларды әлеуметтік бағыттарға тарту үшін ақы төлеуді тапсырды. Министрлік бір сағаттық жұмыс 1000 теңге қылып белгіледі. Бұл – еріктілер үшін үлкен көмек. Жақсылық істеуге үлкен мотивация болады. Бастысы, ешқашан жақсылық істеуден жалықпайтын, әлемді мейірімді болуға үндейтін орта. Ал адам ортасына қарай өзгереді.

–Ал сіз еріктілеріңізді санаттарға бөлесізбе?

– Еріктілерді санаттарға бөлгеннен бағытқа бөлген дұрыс деп есептеймін. Атап айтсақ 7 бағыт бар олар:

Сабақтастық

Білім

Таза әлем

Асылмұра

Саулық

Қамқор

Үміт

Ерхан АҚЫН

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!