Менің де ұлыма жақсы әке болатын жан табылса екен.

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуемттік желідегі парақшасында бақытты сәттерімен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әнші өзінен он екі жас кіші күйеуі мен он бір жастағы ұлы Мүслімнің демалып жүрген сәтін желіге жүктеп, көпшілікті тәнті қылды.

“Бақытты болыңыздар! Менің де ұлыма жақсы әке болатын жан табылса екен”, “Тіл-көзден сақтасын”, “Бақыттарың баянды болсын”, “Қандай керемет көрініс. Райым екеуіңіз көпбалалы отбасы болыңыздар”, – деп жазды желі қолданушылары. 

Ерке Есмахан оқырманнан келген ақжарма тілектерге толы хаттарға жауап берді.

Күнде мыңдаған тілек оқимыз. Жазып жатқан жақсы сөздеріңізге рахмет! Әумин, айтқандарыңыз келсін. Менімен тағдырлас қазақтың қаракөз қыздарына тілерім: балаларыңызға әке орнын басатын, жүрегі мейірімге толы, ақылды, парасатты жар жолықсын. Ал өзіңізді сүйіп, сыйлап, қорғайтын менің Райымбегімдей ер жолықсын. Шын көңіліммен тіледім. Баршаңызға тек бақыт. Шаңырақтарыңызда тек шаттық, молшылық, береке болсын, – деп жылы лебізін білдірді әнші. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!