“Дидар” халықтық этно-фольклорлық ансамблі өткен аптада есеп берді. Есеп беру кешінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Жеңіс Ысқақова өнер көрсетті. Жеңіс Ермағанбетқызы 2021 жылдан бастап университеттің «Дәстүрлі музыка өнері және хореография» кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет атқарады.
Айта кетейік, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің «Дидар» ансамблі 2000 жылы наурыз айында құрылған. 2021 жылы ансамблдің құрамы 50 пайызға қайта жасақталып, музыкалық аспаптар 90 пайызға, репертуары 80 пайызға жаңартылды. Қазіргі таңда ансамблді жаңа деңгейге көтеру мақсатында көркемдік жетекшісі әрі дирижері қызметіне ҚР Еңбек сіңірген қайрат­кері, қауымдастырылған профессор Мүсілім Әмзе шақырылды.
Ансамбль Түркия, Оңтүстік Корея елдерінде Сыр елінің өнерін паш еткен. Халықаралық «Ша­быт» және республикалық «Ғасырлар үні», «Жұба­нов көктемі» фестивальдерінің бас жүлдесі­не ие болған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!