Биыл Ғани Мұратбаевтың 120 жылдығы қарсаңында 12 тамыз – Халықаралық жастар күнінде республикалық «Ғани жастар сыйлығы» беріледі.
Құжаттар қабылдау уақыты маусым айының 30 жұлдызына дейін. Сыйақы мөлшері 120 000 теңге!
Республикалық «Ғани Мұратбаев» атындағы жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстың Ережесі:
Жалпы ережелер
Республикалықи «Ғани Мұратбаев» атындағы жастар сыйлығы (бұдан әрі – Сыйлық) Қазақстандық патриотизмді арттыруға елеулі үлес қосқан жас дарынды белсенділерді қолдау, Орта Азия мен Шығыс жастарының жалынды жетекшісі, белгілі қоғам қайраткері Ғани Мұратбаевтың ісі мен өнегесін өскелең ұрпаққа дәріптеу, кеңінен насихаттау мақсатында өткізіледі. Сонымен қатар, Сыйлық талантты жастарды ынталандыру және олардың айрықша сіңірген еңбегін тану мақсатында беріледі.
Сыйлықты беру тәртібі
Сыйлықты беру мақсаттары:
1) Қазақстан халқының бірлігін нығайту, қоғамдық келісімді қамтамасыз ету;
2) Жастарды жан-жақты дамыту және қазақ тілін, мәдениетті, өнерді, дәстүрлерді, тарихи мұраны жастар ортасында насихаттау;
3) Қазақстанның жас патриоты бейнесін көпшілікке тарату.
2. Сыйақыларды тағайындау және дипломдар мен бағалы сыйлықтарды тапсыру рәсімі Қазалы ауданында өткізіледі.
3. Сыйлық иелерін анықтау және сыйлықтарды тағайындау комиссия (бұдан әрі – Комиссия) шешімімен жүзеге асырылады.
4. Комиссия құрамына облыс, аудан әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері, депутаттар, қоғам қайраткерлері, жастар ұйымдарының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сала мамандары, БАҚ өкілдері кіре алады.
5. Конкурстың жұмысшы органы Қазалы ауданының әкімдігі (бұдан әрі – ұйымдастырушы) болып табылады.
6. Осы Ереже конкурсқа қатысуға үміткер барлық тұлғаларға танысу үшін ұсынылады және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
7. Жеңімпаздар байқауға қайта қатысуға 5 жылдан кейін ғана құқылы.
8. Сыйлық жылына бір рет, Комиссия шешімімен белгіленген номинациялар бойынша тағайындалады.
9. Үміткер бір ғана конкурстық өтінім беруге құқығы бар.
10. Әр номинация бойынша сыйлықтың қаржылай мөлшерiн Қазалы ауданының әкімдігі белгiлейдi.
11. Конкурстық комиссияға жолданған материалдар қайтарылып берілмейді.
12. Сыйлық жеңімпазына ресупбликалық «Ғани Мұратбаев» сыйлығының дипломы, омырауға тағатын белгiсі және естелік сыйлығы беріледі.
13. Сыйлық 2022 жылдың маусым айының І-ші онкүндігінде өткізіледі.
Сыйлыққа қатысу шарттары
1. Сыйлыққа қатысушылар:
Сыйлықты алуға үміткер ретінде 35 жасқа дейінгі жоғары кәсіби жетістіктері бар Қазақстан Республикасының азаматтары бола алады.
2. Сыйлық келесі бағыттар бойынша беріледі:
-мәдениет пен өнер саласындағы жетістіктері (қыл қалам шеберлері) үшін;
-білім және ғылым саласындағы жетістіктері үшін;
-әдебиет және журналистика саласындағы жетістіктері (ақын немесе шығармашыл жастар) үшін;
-спорт саласындағы жетістіктері үшін;
-мемлекеттік тіл саясаты саласындағы жетістіктері үшін;
-Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру ісіндегі қоғамдық-саяси белсенділігі мен жетістіктері.
Өткізу кезеңдері
1. Бастапқы кезең.
Конкурсты өткізу және оған қатысу шарттары туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында 1 (бір) ай аралығында жарияланады.
2. Негізгі кезеңі.
Конкурсқа қатысушылар жазбаша нысандағы өтініш және материалдарын қағаз түрінде Ұйымдастырушыға ұсынады.
Конкурсқа үміткерлердің материалдары Ұйымдастырушының мекен-жайына келіп түседі.
Ұйымдастырушы Сыйлықты тағайындауға 10 күн бұрын материалдарды әр номинация бойынша бөліп, тізімін қалыптастырады және Комиссияның қарауына ұсынады.
Комиссия өз жұмысының нәтижелері бойынша Сыйлық жеңімпаздарын белгілейді.
3. Сыйлық бойынша номинациялардың саны 14 адамнан аспауы тиіс.
5.Үміткерлерді бағалау және іріктеу рәсімі
Комиссия сыйлыққа үміткерлерді таңдау кезінде келесі критерийлерді басшылыққа алады:
үміткердің қоғамда алатын орны мен беделі;
шығармашылық жобасының мән-мағына тұрғысынан тереңдігі;
қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан үлесі;
ұлтаралық достастық пен келісімді нығайтуға тигізген әсері;
ұлттық мәдениетті, тілді, өнерді, салт-дәстүрлерді насихаттау мен жаңғыртуға қосқан үлесі;
жеке, кәсіптік, байқау жұмыстарымен жеткен жетістіктері үшін қоғамдағы танымалдылығы.
Комиссия шешім шығару барысында шығармашылық және кәсіби одақтардың, қоғамдық бірлестіктердің пікірін ескеруге құқылы.
Комиссия шешімі ашық дауыс беру жолымен қабылданады және оған Комиссия мүшелерінің жалпы санынан басым бөлігі дауыс берсе, қабылданған деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Шешім хаттамамен ресімделеді.
Комиссияның құқықтары мен міндеттері
Комиссия:
барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасауға;
Сыйлық нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеуге міндетті.
Спектакльдердi, кино және телефильмдердi, бейнелеу өнерiнiң көрмелерiн қарауды, концерттiк бағдарламалар мен музыкалық шығармаларды тыңдауды ұйымдастыру, сыйлыққа ұсынылғандардың қызметімен танысуға.
Комиссия:
Ұсынылған жұмыстар осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, үміткерді конкурсқа қабылдамауға;
келіп түскен материалдарға баға беруге;
сыйлықты тағайындай отырып, конкурс қорытындыларын шығаруға;
комиссия мүшелері өз өкілеттігін теріс пайдаланғаны анықталған жағдайда сыйлық беру қорытындыларын жоққа шығаруға құқылы.
Үміткерлердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі
Үміткер:
Сыйлықты өткізу шарттары мен тәртібі туралы ақпарат алуға;
Ұйымдастырушы органынан осы Ереженің тармақтары бойынша түсіндірме алу үшін жүгінуге құқылы.
Осы Ереженің талаптарына сәйкес ресімделген материалдарды уақытылы ұсынуға;
Осы Ережеде көзделген шарттарды сақтауға міндетті.
Үміткер материалдар мен түйіндемеде көрсетілген ақпараттардың шынайылығына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін, сондай-ақ осы Ережеде белгіленген шарттарды сақтамағаны үшін жауапты болады.
8.Үміткерлердің дайындайтын құжаттары
Өз саласы бойынша жоғары және жақсы көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін;
Әлеуметтік маңызды жобалар және қоғамдық өмірге белсене қатысуы;
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және жетілдіру бойынша қосқан жаңашыл бастамалары;
Жеке басының жетістіктері;
Облыстық, республикалық, сайыстарға қатысуы және жеңімпаз аталуы;
Жұмыс орнынан /оқу орнынан/, саласы бойынша мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардан ұсыным хаттары (қол жеткізген жетістіктері мен марапаттарын көрсете отырып);
Түйіндеме (қазақ тілінде, 3х4 фотосуретімен);
Өмірбаяны;
Жұмыс орнынан /оқу орнынан/ анықтама;
Орта арнаулы немесе жоғары білімі туралы диплом (көшірмесі);
Жетістіктері (алғыс хаттары, мақтау қағаздары, дипломдары және т.б) сканер арқылы жасалған көшірмелері;
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша өткізген, қатысқан шаралары жайлы мәлімет, жарияланған мақалалар, жүзеге асырған жобалары және басқа да ұсыныс, кепілдеме хаттары;
10х15 фотосуреті (1 дана, электронды нұсқасымен);
Жеке куәлігі (көшірмесі), тұрғылықты мекен-жайы бойынша анықтама.
Құжаттар беттеліп, бекітіліп, ұсынылуы қажет (портфолио түрінде).
Құжаттар «Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімі» КММ-не тапсырылады.
Ескерту: Тапсырылған құжаттар рәсімдеу талаптарына сәйкес келмеген немесе толық ұсынылмаған жағдайда қараусыз қалдырылатын болады.
Қосымша ақпараттарды: Ж.Нұрмұхамедұлы көшесі №130, Қазалы ауданы әкімдігі ғимаратының 2 қабатында орналасқан «Қазалы ауданының ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен алуға болады.
8/724 38/ 79-2-80, /6920, 6921, 6922/.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!