Әйгілі Google компаниясы енді фитнеске иелік етеді. IT алпауыт Fitbit компаниясын сатып алу процесін аяқтады. Келісім құны – 2,1 млрд доллар. Компаниялар арасындағы шарт 1 жылға жасалған. ЕуроОдақ билігі бұл келісімді желтоқсан айында мақұлдаған. Сөйтіп Google-дың фитнеске арналған брэнд өнімді сатып алуына мүмкіндік берді.
Fitbit-тің бас директоры Джеймс Парк бұл келісімнің жасалғанына қарамастан, компания жұмысы жалғаса беретінін айтты. Әсіресе Android қана емес, басқа да смартфон платформаларына құралдар әзірлейді. Сондай-ақ Fitbit қолданушыларының денсаулығы туралы мәлімет Google-дың жарнамамен айналысуына берілмейді, ақпарат арнайы қорғауға алынады. Дегенмен Google-дың басқаруындағы Fitbit жұмысының нақты қай бағытта өзгеретіні белгісіз. Бағдарламалық қамтамасыз етілуінің келешегі беймәлім.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!