Фото: Ақорда

Жалпы сомасы 26 млрд теңгені құрайтын 5,6 мың бизнес жобалары үшін 2,5% мөлшерлемесімен жеңілдетілген несие беріледі.

ҚР Мемлекеттік кеңесшісі ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңес жұмысын қорытындылап,  елімізде биыл жастар саясатында  жүзеге асқан іс-шара мен келер жылғы басымдықтарды айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі  Кеңес Мемлекеттік жастар саясатының 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын дайындады. Биыл осы құжатты жүзеге асыру барысында жас азаматтардың кәсіпкерлікпен айналысуына жол ашатын маңызды бастама қолға алынды: жалпы сомасы 26 миллиард теңгені құрайтын 5,6 мың бизнес жобалары үшін 2,5% мөлшерлемесімен жеңілдетілген несие беріледі.

Келесі жылы жастарға арналған жеңілдетілген тұрғын-үй бағдарламасын қолға алу жоспарда тұр.

Кеңестің тікелей қатысуымен Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленді. Енді Жоспардың орындалуы осы құрылымның тұрақты бақылауында болады – деді Ерлан Қарин.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!