Ең үздік идеяға – 500 мың теңге. 24 сағат ішінде жаңалыққа баланар жақсы идея айтып, оны жүзеге асыру жолын ұсына білген үздік жастарға берілетін гранттың көлемі осындай. Қызылорданы дамытып, ақылды қалаға айналдыру жолында не істеуге болады? Қандай идея ұсынар едіңіз?
Мысалы, бүгінгі кейіпкеріміз – София есімді иллюстратор қыз. Жақында оқушылар мен балаларға арнап комикс кітап шығарды. Жақында “Qyzyl­orda” инновациялық идеялар фестивалінің «Контент&Медиа» секциясының жеңімпазы болған дарынды жастың «Cyber City хикаялары» атты комикс кітабының тұсаукесері өткен болатын.

Комикске балалар қатты қызығады


Идея­лар фестивалі облыс әкімінің қолдауымен ұйымдас­тырылды. «Smart­Сity», «Контент&­Медиа», «Кино&Видео» бағыттары бойынша 24 сағат ішінде идеядан прототипке дейін инновациялық жобаларды жасауды мақсат ететін іс-шараның басты миссиясы – «Ақылды қалалардың» эталондық стандартына сәйкес жобаларды анықтау, облыс тұрғындарының IT-саласына қызығушылығын арттыру және инновациялық IT жобаларды қолдау.

Комикске балалар қатты қызығады


Айта кетейік, аталған шараға облыс әкімі аппаратының цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы Сабит Ибадулла, “Жастар ресурстық орталығының” директоры Талғат Тілес, «Қазақстан IT мамандары ассоциациясы» директоры Нұрлан Құлмырзаев және білім беру ұйымдарының өкілдері мен оқушылар белсене қатысты.

Комикске балалар қатты қызығады


Өз кезегінде кітаптың авторы «InnoFest» Qyzylorda инновациялық идеялар фестивалі секілді байқаулар үлкен мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтіп, ұйымдас­тырушыларға алғысын білдірді.
“Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кітап оқу мен кітап­ханаларды қолдау қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін айрықша атап айтты. Cyber City хикаялары» комикс кітабы – тынымсыз ізденістің нәтижесі. Бұл туынды балаларға қауіпсіз киберкеңістікті оқытуға арналған. Алдағы уақытта кітаптың басқа да бөлімдері жарыққа шығатын болады. Идеямның үздік шыққанына, балаларға арналған қазақша контентті жасауда титімдей үлесім барына ерекше қуанамын.

Комикске балалар қатты қызығады


Тұсаукесердің қадірлі қонағы болған Сағатбек Қуанышбайұлына алғысымды білдіремін. Жастарды қолдауға күш салып жатқан облыс басшысына да алғысым шексіз!», – дейді иллюстратор қыз. Сондай-ақ София комикс кітабын Қызылорда қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №19 кітапхананың қорына, еріктілер ұйымының мүшесі ретінде Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы, «Жылы жүрек жастар» қоғамдық қорына сыйға тартты.
Аталған кітапты қаламыздағы “Kitapal” дүкенінен сатып алуға болады.
500 мың теңге қаржысына өз идеясын іске асырып, виртуалды ортамен қауіпсіз байланыс дағдыларын дамытатын кітапты алғаш жазып шыққан сырбойылық ару комикс кітабы балаларды интернеттегі қауіпсіздік ережелерімен, жаңа терминдерден хабардар болуына, ақпараттық мəдениетті жетілдіруге көмектесетінін атап өтті.Айта кетейік, 500 данамен шығарылған кітап қала мектептеріне тегін таратылмақ.

Аделина МӘДЕЛХАНҚЫЗЫ

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!