Қала әкімінің қолдауымен көңілді тапқырлар алаңы жобасының жартылай финалы Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің және «Қызық Орда» шығармашылық топ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті. 

         Көңілді тапқырлар алаңы жобасының жартылай финалына 7 команда додаға түсті. Олар: «Нағи Ильясов» құрамасы (Нағи Ильясов ауылы), «Грация» командасы (Нұрсұлтан қаласы), «Тасбөгет» құрамасы (Қызылорда қаласы), С.Сейфуллин атындағы агро-техникалық университеті «Аграрка қыздары»  (Нұрсұлтан қаласы), «Шиелі» құрамасы, (Шиелі ауданы), «Мәдениет жігіттері» командасы (Жамбыл облысы), Тараз қаласы (Нархоз колледжі)  «Тәтті» құрамасы (Алматы қаласы).

         Жартылай финалдың қорытындысы бойынша «Нағи Ильясов» құрамасы, , С.Сейфуллин атындағы агро-техникалық университеті «Аграрка қыздары» командасы, «Шиелі» құрамасы, «Мәдениет жігіттері» командасы, Нархоз колледжі  «Тәтті» құрамасы Алматы қаласынан келген командалары финалға жолдама иеленді.

         Сайысқа түскен командаларға төрелік еткен қазылар алқасының құрамында қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Сейдуали Алайдарұлы, «Қорқыт құрамасы» командасы Құттыбай Сағындықов, жеке кәсіпкер, ардагер ойыншы Нұрболат Мусифұлы, әзіл ысқақшы, сатирик Боранбаев Құрманбек, жеке кәсіпкер Нұрболат Ибраев, «Қорқыт құрамасы» командасы Асылхан Дүкенбаев, «Арал-Ас» командасы Ғалым Махамбетов бар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!