Жалағаш ауданының әкімі Асылбек Шәменовтің төрағалығымен өткен жастар ісі жөніндегі кеңес отырысында алты мәселе қаралды.

Жастар арасында саламатты өмір салтын ұстануды насихаттау, денсаулығын нығайту бойынша атқарылған жұмыстар туралы Жалағаш аудандық ауруханасының бас дәрігері Еркебұлан Мақсұтов мәлімдеді. Ал тегін кәсіптік-техникалық білім беруді жүзеге асыру және студенттер арасында атқарылған жұмыс барысын Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінің директоры Ғани Серікбаев, жастар арасындағы кәсіпкерлікті дамыту және қолдау шаралары бойынша атқарылған жұмыстар жайында аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ғабит Ербол баяндады. Сондай-ақ Жалағаш кентінде, Еңбек, Жаңадария ауылдық округтерінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жүргізілген жұмыстар туралы кент әкімі Ғалымжан Телібаев, Еңбек ауылдық округ әкімі Қайрулла Қалданов, Жаңадария ауылдық округінің әкімі Ғалым Жанашев баяндады.

Аудан әкімі күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Жалағаш аудандық ауруханасының бас дәрігеріне жастарды вакцина алуға шақыру жұмыстарын күшейтуді, Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжі директорына қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында студенттердің ата-аналарымен тығыз байланыс орнатып, ата-аналардың қатысуымен жиналыстарды тұрақты түрде өткізуді, мемлекеттік жастар саясатын тиімді жүзеге асыру және студенттердің белсенділігін арттыру мақсатында жастар ресурстық орталығымен бірге жұмыс жүргізуді тапсырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!