Үй гүлдерін өсіру қайта сәнге айналып келеді. Әсіресе, дизайнерлер ерекше етіп сәндеуде құтыдағы гүлдерді қолдануға кеңес береді. Алайда кейбір гүлдердің қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеніңіз абзал. Себебі ал­лергия тудыратын немесе жағымсыз кө­ңіл-күй сыйлайтын гүлдер жеткілікті.

Көктем қол бұлғап тұр. Енді барлығымыз да гүл егуге, топырағын ауыстыруға мән береміз. Гүл сататын дүкендерге арнайы барып, әдемісіне таңдау жасаймыз. Міне, сол кезде үлкен гүлдерге емес, кішкентей гүлдерді алу керек. Бұған қоса жоғарыда тоқталып өткендей, гүл өсіру ерекше күтімді қажет етеді. Қыста терезе алдында тұрған гүлдердің  жапырағы сарғайып, біртіндеп түсе бастайды. Бұл салқынның әсерінен. Осы орайда әр гүлге жеке мән беріп, бақылау керек. Мүмкіндік болса әңгімелесуге де болады. Мамандар көбіне судың температурасы бөлме температурасына шамалас немесе одан 5-7 градус жоғары болу керегін алға тартады.

Қысқы күтім гүлдерді суықтан құтқарудан басталады. Гүлдің жапырағы суық терезенің әйнегіне тиіп тұрмауы керек. Егер мүмкіндік болса, жылуды жақсы көретін гүлді терезе алды тақтайынан басқа жарық жерде ұстаған жөн. Жаз мезгіліндегідей гүлді көп суарудың қажеті шамалы. Есесіне жиі суарғанның орнына бөлме өсімдігіне таза су шашып, топырағын қопсытыңыз.

Ақнұр ТӘҢІРБЕРГЕН,

Жаңақорған ауданы, Өзгент ауылы

№224  орта мектеп билогия пәнінің мұғалімі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!