Мамандық – өмірдегі жауапкершілікті талап ететің шешім, жаңа өмірге алғашқы қадам. Таңдау жасағанда жауапкершілікпен қарай отыра, жүрек қалауымен болашағы жарқын мамандықты таңдаған дұрыс деп ойлаймын.Таңдаған мамандығын сүйіспеншілікпен, құштарлықпен атқарса,адам шынайы еңбектеніп, ісі берекелі болып,пайдасы мол болады. Яғни, қазір жас талапкерлердің мамандық таңдағанда тек өздерінің болашақтарына әсер беріп қана қоймай, еліміздің болашағына орасан ықпал тиеді. Еліміз қазіргі таңда қарқынды дамып,әлемге таныла түсіп, жаңа технологиялар мен ғаламтор жүйелеріне байланысты жаңа мамандықтарды қолданысқа енгізіп жатыр. Осыған орай, биыл техникалық салаларға ерекше назар аударылды. Онда мемлекеттік тапсырыстар үлесі шамамен 60 пайызға дейін ұлғайтылған болатын. Грант көп бөлінген сала – машина жасау және өңдеу өнеркәсібі мен IT саласы. Соның ішінде IT саласы біздің елімізде жақсы қарқынмен алға дамып келе жатыр.Бұл сала мамандарынсыз әлемнің дамуын елестете алмаймыз десекте болады. Себебі түрлі жаңа мамандықтар осы салаға байланысты және болашақта да жаңа бір технологиялармен қалыптаса түседі. Енді толығырақ түсіндірсек, бұл сала дамушы елдерге және елімізге қандай өзгерістер әкеледі.
Ең алдымен аталған саламен толық танысайық. IT саласы компьютерлер арқылы белгілі бір процесс пен құбылысқа тән және ол туралы ақпараттарды қамтып, мәлімет жинай отыра жеткізу, өңдеу жұмыстарын жүргізеді. Бұл саланың ерекшелігін мектеп қабырғасынан бастапақ игеруге болады.Яғни, математика және информатика пәндеріне тікелей байланысты болғандықтан, жас талапкерлерге ерте жастан қызығушылығын оятуға және саламен ертерек танысуға қолайлы. Енді жас маманның бұл саланы таңдай отыра елімізге қандай өзгеріс әкелетінің айта өтейік. Біріншіден жаңа бағдарламалар мен жобалар жасап, қолданысқа енгізеді. Екіншіден жаңа робототехникалар жасап нарыққа шығарады. Бұдан қандай пайда келеді деген сұрақ пайда болары анық. Яғни біз жас маман ретінде жаңа техникаларды ойлап таба отыра, оларды қолданысқа енгізіп, басқа мемлекеттерге ұсынамыз. Бір жағынан мемлекетіміздің экономикалық жағдайы көтеріліп, екінші жағынан өңдірілген жаңа құрылыммен елімізді көркейтіп, әлемді жаңарта аламыз. Мысалы, қарапайым қағаз картаны алайық. Бұрын бір жерге бару үшін міндетті түрде қағаз картаны алып арнайы құрылғылармен бізден қаншалықты алыс екенін есептейтін едік. Ал қазір электронды карталарды ұялы телефонға жүктеп, өзімізге керек ақпаратты оңай әрі жылдам уақытта үнемдеп ала аламыз. Осы арқылы өзгерістердің техниканың дамуына әсері мен саланың қаншалықты қажеттілігін байқай аламыз.
Сонымен қорытындылай келе, мамандық түрлері өте көп, алайда олардың ішінде болашақта тек технологияға байланысты салалардың дамуы басым болатынын ескеруіміз қажет. Сондай-ақ жас ұрпаққа еліміздің ертеңгі күнін дамытып, көркейте білу үшінде жаңа даму процессіне қызығушылықты арттыра түсу үшін әлде де бұл мамандықты толығымен таныстыра отырып, жетілдіру керек деп білемін. Сонда ғана бұл мамандықтардың алға жылжуы жақсара түседі.
Ақбота БОЛАТ
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!