Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Парасат Жолы» әлеуметтік жобасы тапсырысы негізінде, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып жас мемлекеттік қызметшілер арасында жемқорлықтың негізі және жою бойынша форсайт сессия өткізілді.
Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары
М. Бибітова, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы А. Болат, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – офицері Ә.Жаппасбаев эксперт ретінде қатысып ұсыныстар мен пікірлер тыңдады.

Қатысушылар “Мәселе ағашы” тренингі арқылы жекелей және топтық негізде мәселеге баға берді. 17 ден астам ұсыныс пен ойлар жинақтылып арнайы аналитикалық хаттама әзірленуде.

Аталмыш, шара оң нәтижесін берді. Алдағы уақытта осы бағыттағы шараларды ұйымдастыру жоспарлануда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!