Мамандық – әрбір адамның сүйіп, қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді және адам өміріндегі ең маңызды қадамның бірі. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді.
Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейіміне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы, адам еңбекке қабілтті, зейінді болуы шарт. Әлемде 40 мыңға жуық мамандық бар. Соның ішінде мен полиция мамандығын таңдағым келді. Қазіргі таңда басқа мамандық бойынша білім алып жүрсем де, бала күнгі арманымды орындағым келеді. 2 сынып оқып жүргенімде көшеден форма киген полицейлерді көрсем қызыға қарап, “мен де осылай киініп, елге қызмет етем” деп ойлайтынмын. Жай ғана балалық арманым өсе келе детектив саласына жетелей бастады. Ылғи кинодан, жаңалықтардан қарап отыратынмын. Детективтер қылмыс болған орынды тергеп, зерттей отырып, қылмыскерлерді табады. Бұл саланың айырмашылығы қылмыстың алдын алу үшін белсенді түрде тергеу жұмыстарын жүргізеді. Детективтер, қылмыстық тергеушілер адамдарға жанашырлықпен қарауы керек. Детективтер қылмыс орнына бақылауды жүзеге асыра алады және оқиға орнында тергеу жүргізеді. Сондықтан менің осы мамандыққа деген қызығушылығым ерекше. Қылмысты ашуда, қауіпсіздікті сақтауда полиция қызметкерінің еңбегі зор. Полиция қызметкері болу үшін білім де, білік те керек. Сабыр, төзім және қажыр-қайратты қажет етеді. Шапшаңдық пен жылдамдық, тез шешім қабылдап, жылдам әрекет ете білу қабілеті полицейге қажетті басты қасиеттердің қатарында. Сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау тек қана полицияның міндеті емес, ол – біздің әрқайсысымыздың міндетіміз.
Аида АЙТБАЕВА,
ҚМУ-дың студенті
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!