Сырдария ауданы Нағи Ілиясов ауылында 11 көше қайта жаңғыртудан өтеді.

Биылғы жылы Сырдария ауданы бойынша автомобиль жолдарын жөндеуге 1,3 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бұл қаражатқа 23 жоба іске асырылуда.

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша 146,5 млн. теңге қаржы бөлініп, 9 шақырым автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары аяқталуда.

Ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік. Сол игі істерді Сырдария ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев қадағалап, тиісті сала басшыларымен бірге «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Нағи Ілиясов ауылындағы атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады.

Аталған елді мекенінің биыл 11 көшесі қайта жаңғыртудан өтеді. Құны 584,3 млн. теңгені құрайтын жобада ұзындығы 3 679 метр көшеге асфальт қабаты, ұзындығы 2 645 метр көшеге 92 дана түнгі жарық бағанасы, сондай-ақ ұзындығы 2 242 метр аяқ су арығына лоток, оған қоса, ұзындығы 10 787 метр және ені 2 метр болатын жаяу жүргінші жолының құрылысы жүргізілетін болады.

Аудан басшысы Мұрат Нәлқожаұлы «Дәнекер» ЖШС мердігер мекеме басшысына жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапалы әрі мерзімінен бұрын аяқтауды жеткізді. Сонымен қатар ауыл әкіміне Нағи Ілиясов ауылындағы санитарлық тазалық жұмыстардың жүргізілуі бойынша жұмыс жасауды тапсырды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!