Айдынды өлкеге алғаш рет ат басын тіреген жас көшбасшылар алдымен Ә. Нұрпейісов атындағы музей-үйіне барып жазушының шығармашылығымен өміріне қатысты ақпараттар алды.

Облыстық жастар ұйымдары өкілдері Арал ауданында болды

Сонымен қатар жастар өкілдері аудандағы балықшылар музейіне барып арал теңізінің тарихымен танысты. Жастар өкілдері арнайы ат басын бұрған келесі музей ол КСРО Балық шаруашылығының министрі болған Қ. Саржановтың өзі ашқан музейіне тұрақтап тарихи тұлғамен жүздесті. Жастар ұйымдары өкілдері аудандық мәдениет үйінде «Jas Otan» жастар қанатының кезекті кеңейтілген жиынын өткізді.

Облыстық жастар ұйымдары өкілдері Арал ауданында болды

Жиынға қала,кент,ауылдық округтердің белсенді жастары қатысты. Жиын барысында Аудандық «Jas Otan» жастар қанатының бөлімшес басшысы Е.Сабырбай атқарылған жұмыстар туралы баяндап алдағы жоспарлармен таныстырды. Сонымен қатар жастар өкілдері ұйымдастырған түрлі бағыттағы семинар-тренинг кездесеулер аудан жастарының көңілінен шыға біліп кеңінен ақпараттар ала алды. Осылайша жас көшбасшылар аудан жастарының жұмысымен танысып бір бірімен тәжірбие алмасты

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!