16 маусымнан бастап Жастарт ресурстық орталығында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау пункті ашылып, екпе егу басталған. Сол уақыттан бастап, сол жағалау тұрғындарына және сол жағалауда орналасқан мекеме қызметкерлеріне ерікті түрде вакцина салынуда.
Ғаламды шарпыған індетке байланысты қазіргі таңда орталық ғимаратынан ашылған вакцинация пунктінде екпе егу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Бүгінгі күнге дейін есептік қорытынды бойынша, өз еркімен келіп, 255 тұрғын екпе қабылдады. Оның 55-і (18-28) жастар.
Дәрігерлер екпе алғандар тарапынан әзірге ешқандай шағым жоқ екенін айтады. Науқастар үнемі бақылауда. Сондай-ақ вакцинаны салу әр адамның еркіне қарай жүргізілуде.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!