Жақында А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде отбасылық құндылықтың жандануына, дәстүрдің жаңғыруына, түрлі буын өкілдерінің арасындағы сыйластықтың нығаюына, ұрпақ тәрбиесіне жаңаша дем беріп, өнегелі әулеттің өрісін кеңейтуге ықпал еткен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы қалалық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды.

Отбасы – қоғамның басты байлығы

Конкурс 2014 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Мақсат – қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау, отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, бала тәрбиелеудегі жауапкершілікті және ұлттық тәрбиені барынша дәріптеу. Жалпы байқауға қатысуға 21 отбасы өтініш тапсырған. Комиссияның шешімімен іріктеуден өткен 7 отбасы түрлі номинациямен марапатталды. Соның ішінде ІІ дәрежелі дипломмен қызылордалық Сұлтан отбасы марапат бигінен көрінді. Осы орайда Сәбит Сұлтан мен келіншегі Айнұр Болатбекқызын әңгімеге тартуды жөн көрдік. Олар көпбалалы отбасы. Олардың үш ұл, үш қызы бар.

Отбасы – қоғамның басты байлығы


– «Мерейлі отбасы» байқауы жыл сайын өтеді. Биыл бақ сынап, қатысып көрейік дедік. 21 отбасының ішінен іріктеліп шығудың өзі бізге қуаныш сыйлады. Содан кейін ІІ орын алғанымызды естіп, қуаныш еселенді. Мен ата-анаммен бірге тұрамын. Екеуі де зейнеткер. Әкем электрик болып, анам есепші болып жұмыс істеген. Әйелім күміс алқа иегері. Бүгінде үй шаруасында. Мамандығым қаржыгер, «ПетроҚазақстан» АҚ Мұнай компаниясында бөлім басшысы болып жұмыс істеймін. Облыстық қоғамдық кеңес мүшесімін, бюджет және қаржылық мәселелер бойынша комиссия төрағасымын», – дейді Сәбит бізбен әңгімесінде.

Отбасы – қоғамның басты байлығы


Сәбит Сұлтанның есімі қызылордалықтарға таныс. Себебі ол бұған дейін қайырымдылықпен айналысып келген. Тұрмысы төмен отбасыға баспана сыйлауға мұрындық болған. Анығында түрлі сала өкілдері бірлесіп қаржы жинап, үш жылда үш отбасыға баспана сыйлаған.

Отбасы – қоғамның басты байлығы


– Бір кездері «ертең мен де ер жетіп, еңбек етіп, адамдарға көмектесемін» деп өзіме уәде бергенмін. Өсе келе уәдемді қалай да орындау керекпін деп шештім. Осылайша 10 жігіт жиналып, айлықтан ақша жинап тұрдық. Ақша арнайы қайырымдылық жәшігіне салынады. Біз тек баспана алып бермейміз, оның ішіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, кем-кетігін түзейміз. Өйткені жалғызбасты, мүгедек бала бағып отырған ананың оған мұршасы келмейді. Біз осыны ескердік, – дейді ол.
«Отбасымызда ең бірінші маңызды ұстаным – үлкенге құрмет, адал жолмен нан табу, елге, қоғамға қызмет ету, пайдалы болу. Ажырасу көп жағдайда бір-біріне артық талап қойғанда орын алады.. Егер қанағат болса, мәселе туындамас еді. Жас келінді әлеуметтік желі емес, енесі тәрбиелеп, жаңа әулетке сіңуіне көмектесу қажет», – дейді Сәбит.

Отбасы – қоғамның басты байлығы
Отбасы – қоғамның басты байлығы
Отбасы – қоғамның басты байлығы
Отбасы – қоғамның басты байлығы
Отбасы – қоғамның басты байлығы
Отбасы – қоғамның басты байлығы


Бала тәрбиесі де өзекті тақырып. «Бала – ата анасының айнасы. Әр уақыт әке ұлдарына үлгі болу қажет. Спорт пен өнерге баулуға тырысамын. Бірге серуендейміз. Бірге басқа елдерге қыдырамыз. Үлкен қызым Дариға 2007 жылғы, өткен жылы FLEX бағдарламасынан грант жеңіп алып, 1 жыл АҚШ-та тегін оқып қайтты. НЗМ-да 11 сынып оқушысы. Ұлым Ерсейіт Абай атындағы мектеп оқушысы. Фарида Абай мектебінде оқиды. Ахмет, Мәриәм, Мұстафа деген ұл-қыздарым бар. Ұл мен қыз өсіріп отырған соң да баланың болашағына қатты алаңдаймын. Тәрбиесіне жіті мән беремін. Жұмыста болсам да жиі-жиі хабарласып, жағдайларын білуге тырысамын. Ата-анам үйде, олар да бала тәрбиесіне көңіл бөлуге тырысады», – дейді Сәбит.
Үлгілі отбасы – қоғам тірегі. Жұртқа үлгі болу үшін, ең алдымен, өзің үлгі көрсетуің керек. Қызметте алда болып, адал еңбегіңнің жемісін көруге ұмтылу қажет. Отбасылық кұндылықтың ең бастысы ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген сыйластығы, – дейді жары Айнұр.


Мөлдір КЕНЖЕҒҰЛОВА

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!