Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығының, «Төретам жастары» ЖҚБ-ның «Қызылорда облысы жастарының одақтары» ЖҚБ біріге ұйымдастыруымен «Отбасы құндылығын насихаттау» және «Жастар арасындағы құқық бұзушылық» тақырыбында кездесулер өтті.
Аталған кездесулерге аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Қ.Ерманов, Дін мәселелерін зерттеу орталығының аудандық бөлімшесінің теолог маманы Ж.Сқақов, аудандық жастар денсаулық орталығының мамандары және психологы А.Кетебаева, колледж студенттері қатысты.
Шарада мамандар тарапынан отбасының құндылығы насихатталып, жастар арасында құқық бұзушылықты болдырмау мәселелері айтылды.
Биыл облыстық жастар орталығынан NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау бөлімі қайта жасақталып, қала және аудандық орталықтарда бір маманнан бекітілді. NEET санатындағылар оқу үдерісі¬не ғана емес, еңбекке де араласпайтынын ескерсек, онда оларды жұмыссыздар деп ашық айтуға негіз бар. Осы ретте, алдағы атқарылатын жұмыстарды жүйелеу және түйткілді мәселелерді анықтау барысында мамандар кездесу ұйымдастырды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!