Кәсіп жүргізудің амал-тәсілі көп. Көкейдегі идеяны жүзеге асыру арқылы армандаған бизнеске қол жеткізу оңай. Алайда отбасылық кәсіпті дөңгелетудің жөні бөлек, жауапкершілігі мол. Осы орайда бүгінгі кейіпкер, көпшілікке танымал «Ыдыстар үйі» дүкенінің егесі Мағжанның кәсіп тарихи оқырманға ой салары анық. Бүгінде әке-шешесінің ісін жалғап келе жатқан ол дүкеннің әлеуметтік желідегі парақшасын жүргізу арқылы тұтынушы тартуға бейімделген. Оның парақшасы ұтыс ойындарын ойнату, жеңілдіктерді жариялау тәсілімен тез танымал болды.

кенінде ерекшелік көп. Әсіресе, үйге қажетті дүниенің бәрі бар. Мағжанның келіншегі де кәсіпке бейім. Ыдыстар үйінің бірінші қабатынан «Дом моды» деп дүкен ашып берген. Онда қыз-келіншектерге арналған түрік киімдері сатылымда. Осылайша жас отбасы бірге кәсібін дөңгелетіп отыр.
– Біздің отбасылық бизнесті дамытып келе жатқанымызға көп уақыт болды. Жақын арада келіншегіме өзі қалаған кәсібін ашып бердім. «Ыдыстар үйінің» бірінші қабаты өзінің жауапкершілігінде. Әлеуметтік желі арқылы тапсырыс қабылдап, тапсырып жіберіп отырмыз. Тұтынушыны да инстаграм арқылы алып отырғанымыз жасырын емес. Сосын «Ыдыстар үйі» ескі базарда орналасқан, оған келушілер саны жетерлік. Біз сұраныстағы, жаңа үлгідегі затарды әкелуге барынша тырысамыз. Жаңа келген тауарлар бірден өтіп кетеді. Кесе құманшасы, ваза, тәрелкелер де сұраныстағы заттар. Сондай-ақ гранаттың шырыны денсаулыққа пайдалы деп, базардан әр бұрышында литрлеп сатып жатыр. Сондай аппараттың да түр-түрі бар. Олар да жақсы өтеді, қазір техника жақсы дамыған. Күбі пісіретін апаратты да алатындар жетерлік, – дейді ол.
Иә, екі этажды ыдыстар үйінде керектінің бәрі бар. Қай кезде көрсең адам арылмайды. Ұзын-сонар кезекті де сол жақтан жолықтыруға болады. «Kaspi red» дейсіз бе, несие дейсіз бе барлық жағдайды қамтып қойған.
– Жақында әке атандым. Екі перзентім бар. Атасы Иса деп азан шақырып есімін қойды. Мен бірінші орынға отбасымды қоямын, олардың амандығы, саулығы бәрінен жоғары. Бизнесімді 0-ден өзім бастаған жоқпын. Дайын бизнесті әке-шешемнің жұмысын жалғап, әрі қарай жүргізіп келемін. Кәсіп болған соң әр түрлі жағдай кездесіп тұрады. Олардың барлығын ата-анамның сүйеніші, қолдауы арқылы өтіп келемін. Бірден танымал кәсіпкер бола салмағанымды айттым. Базарда 5 теңгелік пакет те, су да саттым. Автобуста кондуктор да болдым. Кез келген жұмысты істеп өстік, қиындықпен де бетпе-бет келдім. Бірақ кәсіпкер атану үшін бәрін де жеңе білу керек, – дейді жас кәсіпкер.

P.S. Бизнесті бастау бөлек, дайын бизнесті алып кету мүлде бөлек. Мағжан кәсіппен айналысам деген жастарға тәуекел етуге, неден болсын қорықпай, бар жігерімен беріліп істеу керегін алға тартады.

Мөлдір КЕНЖЕҒҰЛОВА

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!