21 маусымнан бастап Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясын жүргізуде.
Мақсат – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, ана мен баланы қорғау, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту бойынша қабылданып жатқан іс-шаралармен таныстыру.
Осыған байланысты қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі топ қызметкерлерін, учаскелік инспекторларды, ювеналдық полиция бөлімінің қызметкерлерін тарта отырып, бірлескен рейдтер ұйымдастырылады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!