Апта басында Мұстафа Шоқай атындағы №187 IT мектеп-лицейі мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік – тұғырым» атты оқушылар арасында пікірсайыс турнирі өтті.

Мақсат  – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың еліміздегі пікірсайыс қозғалысын дамыту идеясы негізінде, дебат ойынының жастардың тұлға ретіндегі қалыптасуына ықпалын арттыру және оқушылардың білімі мен сөйлеу шеберлігін дамыту.

Нәтижесінде «Парасат» фракциясының мүшелері: Ақжан Үрмеғали, Нұрымжан Жарылқасын чемпион атанса, жүлделі ІІ орынды «21 ғасыр жастары» фракциясының мүшелері: Мая Камаладин, Айдана Сапаралиева иеленді. Ал «Болашақ» фракциясының мүшелері: Ақмаржан Алдаберген, Ердәулет Кеңесбай ІІІ орынды қанағат тұтты.

Сонымен қатар турнирге қатысқан барлық оқушы алғыс хатпен марапатталды. Ойынның әділ қазылары жастар ресурстық орталығының кеңесшісі Бексұлтан Өткелбай және Қызылорда Жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аяжан Қалдыбек, Жастар қоғамдық бірлестігінің мүшесі Нұрай Бақыт тәжірибелерін бөлісті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!