Мемлекеттік хатшы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған Ержан Байтілес енді президенттің баспасөз хатшысының жаңа орынбасары болды.
Мұны президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты.
«Бүгіннен бастап белгілі журналист Ержан Байтілес президенттің баспасөз хатшысының орынбасары міндетін атқаруға кірісті. Бұған дейін ол ҚР мемлекеттік хатшысының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған. Әріптесімізге сәттілік!», – деді Б.Уәли.
Ержан Байтілес 1981 жылы 14 мамырда Қызылордада дүниеге келген.
Бұған дейін Берік Уәлидің президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалғаны айтылды.
12 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрмұхамед Байғараевты өз еркімен баспасөз хатшысы қызметінен босатты. Себебі денсаулығына байланысты ол жұмыс жалғастыра алмайтынын мәлімдеді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!