Фото: depositphotos.com
Екі жас некеге тұрар алдында отбасылық өмірдегі міндеттерді бөліп алғаны дұрыс. Бұл туралы психолог, отбасылық терапевт Екатерина Альская айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Радио 1-ге» сілтеме жасап.
Маман үйленбей тұрып серіктестердің әрқайсысының ортақ мақсаты мен жеке тілектерін талқылауға кеңес берді.
«Сондай-ақ отбасындағы рөлдерді, кім не үшін жауап беретінін таратып, өзара келісімге келген жөн. Оған қоса жыныстық белсенділік, жыныстық қатынас жиілігі – ерлі-зайыпты үшін өте маңызды. Темперамент біріктірілуі керек. Егер ол бір-біріне сай келмесе, салдарынан жанжал көбейіп, ақыр соңы ажырасуға әкеп соқтыруы мүмкін», – деді психолог.
Екатерина Альская ажырасудың жалпы себептері – дәмелену мен әркім өз миында қалыптастырып алған кейіп екенін түсіндірді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!