Бүгін адамның психологиялық болмысын айқындауға көмектесетін тест ұсынамыз. Заманына қарай адамы дегендей, етіміз жасандылыққа құмар келеді. Әрине, топырақты көпке шашпаймыз…

Аталған тест психологтардың ойлап тапқан әдіс-тәсілі десек те болады. Оны орындау үшін төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек сынды фигураларды пайдаланып адамның суретін салыңыз. Қисық немесе түзу сызықты пайдалануға болмайды. Артынша тапсырманы орындап болған соң, оны жоғарыдағы суреттермен салыстырыңыз. Ұқсайтынын анықтап, төмендегі жауаптарды оқыңыз.

1. Басшы

Мұндай адамды әдетте басқарып, көшбасшы болуға ұмтылатын жандар салады. Олар кез келген ситуацияға икемделіп, табысқа жетуге мүмкіндік алады. Бұл қасиетін көпшілік адамдар көтере алмайтындықтан, дұшпандары көп болады.

2. Жауапкершілігі мол

Жоғарыда аталған басшыға қатты ұқсайды. Бірақ ол секілді ерік-жігері жоқ. Сондықтан, бұл адамдар жауапкершілігі мол, өз ісін тиянақты орындайтын тұлғаға айналады.

3. Күдікті

Мұндай суретті салған адамды уақыт өте келе мақтап отыру керек. Осындай жағдай туған кезде ғана өзін бақытты сезініп, жақсы жұмыс істейтін болады. Кез келген салада, кез келген іспен айналыса алады. Әрдайым пайданы ойлайды.

4. Ғалым

Ғалымдар, бағдарламашылар, сәулетшілер туралы әңгіме болып жатқаны біз айтпасақ та түсінікті шығар. Өте сабырлы, ойы жүйелі келеді. Адал әрі тәрбиелі. Бірақ жанында жүрген адамдарды мезі етіп жібереді.

5. Психологтар

Психологтар өздеріне қиындық туғызып, артынша барлығын реттеп отырады. Бұлай жасап жатқандарын өздері де байқамайды. Бәрінен де тәуелсіз болуды ұнатады.

6. Техникашы

Бір сәтте жұмыртқадан жүн қырыққандай жоқтан бар жасайтын адамдар бар. Олардың ойлап таппайтыны жоқ. Жалпы айтқанда құрастырушылар мен өнертапқыштар – өзіндік таным-түсінігі бар және өте ақылды жандар.

7. Сезімтал

Бұл адамды барлығы үшін уайымдайтын жандар салады. Әдетте өзінің жұмысы, үйі жоқ жануарлар, туған-туысқаны, жаһандық жылыну үшін уайымдайды. Барлығына көмектесіп, әділдік орнатуға құмар. Мұндай жандар милицияда жұмыс істесе жақсы болар еді, алайда шығармашылықпен айналысуды жөн көреді.

8. Қатыгез

Айналасындағы адамдар үшін еш алаңдамайды. Өздерін қатты жақсы көреді. Ал өзге біреу үшін қыстыгүні қар таппайтын әдеті бар. Бұл қатыгез мінезінен арылу үшін өзінің мәселелерін шешуі тиіс. Ал өзіне көмектесетін адамдарды бірден достардың тізіміне қосады.

Сіздің нәтижеңіз қандай болды?

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!