Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Ай-Қанат» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Еріктілер қозғалысын дамытуға арналған әлеуметтік қызмет жұмысын ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында құрылған «Сыр волонтерлері» орталығының еріктілері «Қайырымды істер» марафоны аясында тұрғындарға көмектесу мақсатында 2021 жылдың шілде айында түрлі бағыттағы шаралар атқарды.
Атап айтар болсақ, Құрбан айт мерекесі қарсаңында қайырымдылық мақсатта тұрмысы төмен отбасыларға үлестірген мал еттері мен азық-түліктерді тұрғындарға тарату мақсатында АВТОЕРІКТІЛЕРмен көмек көрсетілді. Сонымен қатар, Жастар үйі ғимаратында өрттен зардап шеккен жас отбасыларға көмек көрсетіп, терезелерін ауыстырып берді.
Жыл көлемінде аталмыш «Қайырымды істер» марафоны аясында түрлі қайырымдылық және тұрғындарға қолдау шараларын ұйымдастыру жоспарда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!