12 тамыз – Халықаралық жастар күні. Осыған орай, қала әкімімен жастар апталығы бекітіліп, 7-12 тамыз күндері аралығында жастар арасында түрлі шара ұйымдастырылады. Бұл мәліметті «Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Әліби Басаров хабарлады.
Атаулы күнді мерекелеу 8 тамыздан, яғни қала жастарының арасында тазалықты дәріптеу мақсатында «ECO Marathon» сенбілік акциясын өткізуден бастау алады. Акция барысында «Барлық игілік балаларға» жастар акциясы өтеді. Яғни, қала аумағында жөндеуді қажет ететін, балаларға арналған ойын алаңдарын қалыпқа келтіру және көпшілік қайырымдылық шарасы болмақ. Сонымен қатар, «Мүмкіндіктер керуені» шарасы өткізіледі.
10 тамыз күні – «Самғау» жастар сыйлығы аясында қала жастары арасында қала көлеміндегі құрылыс нысандарының басында «Тас қалаушылар» байқауы өтеді. 11 тамызда «Qosyl» жастар орталығының спорттық алаңында (К.Байсейітова, 82 үй) қала және қалаға қарасты кент және ауылдық округтердегі жастар арасында волейбол, үстел теннисі және ұлттық спорт түрлерінен (арқан тартыс, гір тасын көтеру, қол күрес) сайыс ұйымдастырылады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!