«Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы және «Jas Otan» жастар қанаты Қазалы аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Көңілді WEEKEND» аттытазалық акциясы өтті.
Аудан орталығы – Әйтеке би кентінде өткен тазалық акциясына дербес бөлімдер және мекеме-кәсіпорын қызметкерлерімен қатар, аудан жастары да белсене қатысты.
Акцияның шарты бойынша әрбір команда мүшелері 10 адамнан жасақталып, белгіленген аумақты тазартты. Тазалық шарасына әрбір команда белсене қатысып, әр жерге шашылған қоқыстарды жинастырды. Нәтижесінде белгілі бір уақыт ішінде өздеріне бекітілген аумақты айнадай тазалап, қоқыстарды жинастырған аудан жастарынан құралған команда жеімпаз атанды.
Жеңімпаздарды «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрғиса Жалғасбаев құттықтап, бас жүлдеге тігілген бағалы сыйлықты табыстады. Мұнан бөлек, сенбілікке белсене қатысқан Әйтеке би кенті әкімі аппараты мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлеріне де ақшалай сыйлық тапсырылды.
Тазалық акциясына қатысқан барлық командалар назардан тыс қалған жоқ. Жүлделі орындарға ілінбеген қатысушылар «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының «Алғыс хатымен» марапатталды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!