Ақын-жазушыларды жатқа айтып отырған сәтінің видеосын анасы ТікТок парақшасында жариялаған.
Қазақ зиялыларының аты-жөні мен суретін жатқа білетін бүлдіршін көпті сүйсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Балабақша жасындағы баланың ақын-жазушыларды жатқа айтып отырған сәтінің видеосын анасы ТікТок парақшасында жариялады.
Видеода қолына «Әдебиеттік оқу» пәнінің оқулығын ұстаған балақайдың анасы кітапты парақтап отырып, ұлынан ондағы ақын-жазушылардың аты-жөнін сұрайды. Бүлдіршін «Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ахмет Байтұрсынов» деп қазақ зиялылыларының есімдерін айтып береді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!