Респонденттердің 69 пайызы мұндай мүмкіндікті қарастырмайды.

Биыл шілдеден бастап Еңбек кодексінде төрт күндік жұмыс аптасы деген ұғым пайда болды. Бұл өзгерістен соң бір ай өткенде HeadHunter ұжымы Қазақстанда жұмыс берушілер арасында сауалнама жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Белгілі болғандай, осы күнге дейін қазақстандық компаниялардың ешқайсысы төрт күндік жұмыс аптасына ауыспаған. Респонденттердің 69 пайызы мұндай мүмкіндікті қарастырмайды. Ал 3 пайызы ауысуды жоспарлап отыр, бірақ жақын арада емес.

Көп компания бірнеше себепке байланысты ауысуға мүмкіндігі жоқ. Оған үздіксіз өндіріспен айналысатын, тәулік бойы тұтынушыларға техникалық қолдау көрсететін, сондай-ақ қажетті қызметтерді ұсынатын компаниялар жатқызылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!