Сурет: pixabayТүркістан облысында колледж оқытушысы Жадыра Байдалы қымыздан балмұздақ жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бойжеткеннің сөзінше оның басты мақсаты – ұлттық балмұздақтың биологиялық құндылықтарға бай және адам ағзасына пайдалы екенін дәлелдеу. Бие сүтінен жасалған балмұздақ басқаларға ұқсамай отта піседі, құрамы өзгермейді, табиғи таза өнім ретінде пайдаланылады.

«Біздің нарықта ұлттық және пайдалы қымыздан жасалған өнім түрлері жетіспейді. Балмұздақ жастардың да, балалардың да көңілінен шығады. Ол биоөнімдерді пайдалану арқылы халқымыздың денсаулығына оң әсер етеді», – деді Жадыра Байдалы.

Оның айтуынша, сусынның құрамында табиғи иммундық қасиеті бар және адам денсаулығына пайдалы түйіршікті белоктар бар.
Сонымен қатар, Жадыра Байдалы саумал қосып жасалған сабын шығаруды қолға алған. Оның адам денсаулығына емдік қасиеті бар.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!