AVE ADIKUS -тың шын есімі – Әшірбек Әділет Абылайұлы. Ал оның Youtube арнасы «AVE ADIKUS» аталады. Ол 1992 жылдың 20 қазанында Тараз қаласында дүниеге келген.

Отбасылық жағдайға байланысты 3 жасында Қызылорда облысы, Тереңөзек кентіне көшіп келген. Анасының айтуынша, балабақшадан бастап өлең оқуға, ән айтуға, жүргізуші болуға бейім болған.

1999 жылы Тереңөзек кентіндегі Әбділда Тәжібаев атындағы нөмірі 36-шы мектепке бірінші сыныпқа барады. 2004-шы жылы Иса Тоқтыбаев атындағы нөмірі 35-ші мектеп-лицейге ауысып, сол мектепті 2010-шы үздік бітіреді. ҰБТ-дан 125 баллдан 116-балл еншілеген.

Мектепте де кез-келген мерекелік іс-шараларда жүргізуші болады, сондай-ақ мектеппен бірге 7 жыл музыкалық мектепте де «скрипка» мамандығы бойынша бітіріп шығады.

Мектебінің атынан «БОЙТҰМАР» КВН командасын құрып, соның капитаны болады.


Сол кездері ең бірінші камерасы бар «нокиа» ұялы телефонының көмегімен, ауылында неше түрлі видеолар түсіреді. Сөйтіп осы қасиеттерімен «болашақ youtube-блогер AVE ADIKUS алғашқы қырларын көрсете бастайды.

AVE ADIKUS мектеп бітірген  жылы Астана медицина университетіне грантқа түсіп, 7 жылдың жартысын Астанада оқып, 4-шы курсында Ақтөбе қаласындағы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетіне ауысып, сол жақты дипломмен тәмәмдап шығып, «СТОМАТОЛОГИЯ» маманы атанады.

Группаластарының айтуынша, AVE ADIKUS университетте жүргенде де творчествоға жақын болған. Медицина университетінде жүргеніне қарамастан, түрлі концерттік шараларда жүргізуші болып, университеттің имиджін көтеретін неше түрлі видео шоулар түсірген.

AVE ADIKUS-тың осы творчестволық тәжірибелерін барлығы, Әділеттің youtube арна ашып, өзінің блогын түсіруге итермеледі. Сөйтіп университетті бітіретін соңғы курсында, яғни 2017-шы жылы AVE ADIKUS блог түсіруді бастап кетеді.


Ең алғашқы видеосы Youtube желісінде 500 мың қаралым жинап, халықтың ықыласына бірден бөленеді. Әділеттің айтуынша, мұндайды өзі де күтпеген. Қаралым санының өсіп жатқаның көрген сәтте AVE ADIKUS өз көзіне сенбеген. Енді түсінікті ғой, бүкіл Қазақстанға бір күннің ішінде әйгілі болу – ол таңғаларлық нәрсе.

Әділеттің айтуынша, бірақ ол бұл сезімге беріліп кетпей, босаңсымай, бірден келесі блогтарды түсіруге кірісіп кетті. Оның таңдаған блогерлік бағыты, саяси, әлеуметтік, қоғамдық тақырыптарды талқылау, сондай-ақ саяхат бағытындағы влогтарды түсіру болып табылды. Онымен қоса қайырымды істермен айналысу.

AVE ADIKUS 2018-ші жылдың шілде айында арнасында 100 мың тіркелуші болғанына орай Youtube-тан КҮМІС БАТЫРМА (серебряная кнопка) алды. Бұл – әрбір ютубер үшін үлкен жетістік. Оны арнайы АҚШ-тағы Youtube желісінің офисінен салып жібереді. Батырмамен қоса, жанында Ютуб президентінің қолымен құттықтау хаты болады.


Youtube-тың барлық қыр-сырларын түсініп алған AVE ADIKUS, содан бері екі жарым жыл бойы Қазақстанның түрлі мәселелерін талқылап, еліміздің түрлі өңірлерге саяхаттап, халыққа көрсетіп, халықтың интеллектін көтеруге күш – жігерін салып келеді.Сондай-ақ осы уақытқа дейін AVE ADIKUS, Мағжан Ералиевпен, сондай-ақ халықпен бірлесіп 2 отбасыға 3-бөлмелі пәтерден тарту етті. 10 сәбидің еміне, әрқайсына 1 миллион теңгеден жұмсады.

«AVE ADIKUS» youtube арнасында 969 мың тіркелуші бар. Әділеттің айтуынша, егер арнаның саны бір миллионға жетсе, Youtube блогерге «АЛТЫН БАТЫРМА» береді. (размері А3) Адикустың қазіргі мақсаты, тезірек бір миллионға жету.

Ал youtube-блогердің жеке өміріне келетін болсақ, Әділет үйленген, қазіргі таңда екі ұлдың әкесі.

AVE ADIKUS өзінің блогтарында жиі айтатын нәрсе, ол 25 жасына дейін пәтерден пәтерге анасы екеуі көшіп жүрген. Яғни 25-жасына дейін пәтерлері болмаған, оқушы кезінде, студент кезінде ортасында қанша белсенді болғаныменде, жеке өмірінде өте көп қиындық көрген. Тіпті үйленген жылы да, келіншегі, анасы үшеуі пәтерден пәтерге көшіп жүрген.


Өзінің айтуынша, Әділетті бұл қиындықтан шығарған, ол жігерлік, өз хоббиіне деген сүйіспеншілік, алдыға қарай талпыныс, және де анасы мен келіншегінің моральді тұрғыда қолдауы.


Себебі барлығы оның дәрігер болғанын қалаған, Youtube-ты бастаған сәтінде ешқандай туысқаны, танысы Адикусты қолдамаған, және де сенбеген!

Бірақ AVE ADIKUS ешкімді де тыңдамай, тек қана өзінің мақсатын көздеп, қазіргі таңда отбасылық, қаржылық, іскерлік, бір сөзбен барлық жетістікке жетіп отыр. Осылай, қарапайым қазақ жігіті, еңбегінің арқасында, бүкіл Қазақстанға әйгілі болып, керемет жетістіктерге жетуде.



 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!