Қызылорда облысындағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мемлекеттік мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Алтынбек Тұрарбекұлы мен кадр саясаты бөлімінің бастығы Гүлмира Алтынбек қызметкелердің отбасылық жағдайымен танысты.

Онда жанұядағы психологиялық жай-күйін біліп, тұрмыстық жағдайына қарай жемқорлыққа деген тәуекелдерін бағалау үшін мекеме қызметкерлерінің тұрмыс-тіршілігін көрді. Апта басында жас жеке құрам мүшелерінің барып, ата-анасы, жұбайлары арасындағы қарым-қатынасты бағамдап қайтты.

Солардың бірі Режим бөлімінің бақылаушысы Орынбасар Шыңғыс. Бұл отбасының барлық балалары құзырлы органдарда қызмет ететіндіктен, жұмыстың қаншалықты қиын екені бұл отбасыға жақсы таныс.

«Үш баламның үшеуі де мемлекеттік қызметте болса да, мекеме басшылығы осылай шаңырағымызға келіп, отбысымыздың жай-күйімен танысып жатқаны бірінші рет. Бұл мекеменің өз қызметкерлеріне бей-жай қарамайтынының белгісі. Баламның жұмысы жөнінде хабардармын. Бос уақытта үйдің шаруасымен айналысады. Ешқандай жаман әдеті жоқ»  деді Орынбасар Шыңғыстың анасы.

Өз міндетін жауапкершілікпен атқарып жүрген жас маманның отбасы мүшелерімен қарым-қатынасын бағамдап, қызметте де, бос уақытында да қателікке жол бермеуге шақырды.

Келесі қызметкер мекеменің сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бойынша бөлімінің отряд бастығы Аманғазиев Асхат болатын. Бұл қызметкер отбасымен қалада пәтер жалдап тұрады. Мемлекет тарапынан төленетін төлемақы негізінде пәтер ақысын төлеп отыр. 

«Мен өз саламда адал еңбек етіп келемін. Жеңіл ақшаны көздемей, еңбегіммен табыс тауып, тапқан несібемді отбасыма жаратамын. Осы уақытқа дейін оңай олжаны тіпті ойыма да алған емеспін. Ата-анаммен, жұбайыммен қарым-қатынасым да жақсы» деді өз сөзінде Асхат Аманғазиев. 

Бұл қызметкер өз міндетін жауапкершілікпен атқарып келеді. Қызметтен тыс уақытта да ішкі істер органдары қызметкеріне тән әдеп нормаларын сақтап келеді.

Жеке құрам қызметкерлерінің жұмыстан тыс уақыттағы моральдік-психологиялық жағдайына көз жеткізу үшін Режим бөлімінің бақылаушы кинологы Бекзат Аманғалиевтің шаңырағында да қонақ болып, отбасы мүшелері өзара жақсы-қарым қатынаста екендігі көз жеткізді.

«Мен бұл салада жас маманмын. Жұмыстың қиындығы уақытпен санаспайды. Қай уақытта келсем де, жұбайым әрдайым қызым екеуі күліп қарсы алады. Бұл мен үшін үлкен қолдау. Басшылық тарапынан да қолдау көрсетіп, отбасмыздың тыныс-тіршілігімен танысуға келіп жатқанына қуаныштымын» деді өз сөзінде Бекзат Аманғалиев.  

Мекеме әкімшілігі жеке құрам қызметкерлерінің тұрмыстық жағдайы жақсы екендігін, сыбайлас жемқорлыққа тәуелділігі жоқтығын, сонымен қатар, отбасы мүшелерімен жылы қарым-қатынаста екенін біліп қайтты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!