Қызылордада «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен әлеуметтік жәрмеңке өтті.

Жәрмеңке 2 ауысым бойынша жұмыс жасап, қаладағы 170-тен астам отбасы қамтылды. Жәрмеңкеге сапалы, күтіп киілген, пайдалануға жарамды тауарлар шығарылды.

«Сөреде жинақталған киімдер арасынан еңбектеген сәбиден бастап, орта жастан асқан адамдардың барлығына тұрмыстық тауарлар табылып қалады. Мұндай әлеуметтік жәрмеңке облыстық орталықта алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жиылған тұрғындар үшін әлеуметтік жәрмекенің септігі тигеніне қуаныштымын. Сонымен қатар, бұндай игі шараны алдағы уақытта көшпелі негізде ұйымдастыру жоспарда бар,- дейді орталықтың бөлім басшысы Болатбек Айтбенбетов.

Әлеуметтік жәрмеңкенің тұрғындар үшін көмек болғаны сөзсіз. Бұл игі шара аясында Қызылорда қаласының түкпір-түкпірінен келген отбасылардың қарасы қалың. Бірі балаларына киім таңдаса, келесі бірі сол жерден өздеріне ұнағандарын киіп көріп, дорбаларына толтыра әкетуде.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!