Республика бойынша өткізілетін референдум төңірегіндегі маңызды сұрақтарға жан-жақты жауап беру үшін, қоғамдық ой-пікірді талқылап-таразылау мақсатында ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «AMANAT» партиясы респбуликалық штабының мүшесі Балайым Кесебаева кәсіпкерлермен кездесті.
«Президент Қ.Тоқаев халық өз тағдырын өзі шешетіндей болуы үшін, мемлекеттің ісін барлық өлшем бойынша халықтың өзі айқындайтын жағдай жасау үшін референдум өткізгелі отыр. Бірнеше рет конституция өзгерді, бірақ барлығы парламент арқылы шешіліп келген еді. Енді үлкен өзгерістер болуына байланысты референдум қажет болып отыр. Өйткені конституцияның 33 бабына яғни үштен бір бөлігіне өзгеріс енгізілмекші. Әсіресе, ең қағидатты мәселелер жер, оның қойнауы, оның қазыналары халықтың меншігі деген концептуалды тың тұжырым жасалып отыр. Басқа да үлкен-үлкен мәселелер бар. Бастысы «суперпрезиденттік» басқару үлгісінен мықты парламентке сүйенетін президенттік басқару үлгісі енгізілгелі отыр», – деді кездесудің маңызыдылығына тоқталған республикалық штаб мүшесі Балайым Кесебеаева.
Жиында жергілікті кәсіпкерлер пайымды пікір, орамды ойларын ортаға салып, алдағы конституциялық референдум тек бір қала немесе облыс тағдырына байланысты емес, ол тұтас мемлекеттің болашағына әсер ететін, бұдан да жарқын келешектің іргетасын қалайтын аса маңызды күн болғандықтан заңнамалық өзгерістерде қарапайым халықтың ұсыныс пікірі ескерілсе дейді.
Барлық ұсыныстар штаб өкілдері тарапынан назарға алынып, референдумға қатысу – барлығымызға ортақ борыш екендігі түсіндірілді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!