Қаланың бас қақпасы аталатын Қызылорда теміржол вокзалында көліктегі жазатайым оқиғаларды алдын алу, болдырмау мақсатында Қызылорда станциясының Желілік полиция бөлімі «AMANAT» «Теміржол» филиалымен бірлесіп «Көліктегі қауіпсіздік» акциясын ұйымдастырды.
«Теміржолдың қауіпті аймақ екендігіне қарамастан теміржолдағы тәртіп бұзушылық қарасы тиылмай тұр. Жыл басынан 900-ге жуық әкімшілік хаттама толтырылып, 380- нен астам әкімшілік шарасы көрілді. Жазатайым оқиғаның құрбаны болмау үшін әр адам темір жол көлігіндегі қауіпсіздік ережелерін білуі және сақтауы тиіс»- деді Қызылорда ст. ЖпбӘПБ бастығы,полиция майоры Бағдат Маханов.
15-19 мамыр аралығында «Көліктегі қауіпсіздік» республикалық акциясы аясында қала тұрғындары мен жолаушыларға темір жолдағы тәртіп ережелерін сақтау керектігі туралы түсіндерме жұмыстары жүргізілді. Темір жолдағы жүріс-тұрыс ережелері бойынша арнайы шығарылған жадынамалар таратылды.
«Көліктегі қауіпсіздік ешқашан өз өміршеңдігін жойған емес. Қауіптілігі жоғары аймақта орын алатын қайғылы жағдайлардың негізгі себептері азаматтардың жеке қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан, темір жолдардың рұқсат етілмеген жерлерінен өтуінен болады. Көліктегі жайсыз жайтарды алдын алу, болдырмау бір сәт күн тәртібінен түскен жоқ. Қауіпті аймақ- партияның да назарында» – деді «AMANAT» партиясы Теміржол филиалының Атқарушы хатшысы Базара Танбаева.
Сондықтан әрбіріміз темір жолдағы тәртіп ережелерін мүлтіксіз сақтап қана қоймай, өзгелерге, ең алдымен балаларға ескерту жасап отыруымыз тиіс.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!