Қызылордада 14 жастағы мектеп оқушысы Әмірхан Абай мұзға құлап кеткен досын құтқарып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі мәлемдеді.
Әмірханның айтуынша, ол достарымен мұздың қалай еріп жатқанын көру үшін өзенге барған. Бір кезде жігіттердің бірі суға батып кеткен.
«Біз коньки тептік, ойнадық, мұздың қалай жарылып кеткенін байқамай қалдық. Бір кезде мұз жарылып, досым Мұхамеджан суға құлап кетті. Мен басында оның құлап кеткенін көрген жоқпын. Тек «Әмірхан» деп айқайлағанда ғана байқадым. Мен оның батып бара жатқанын көргенде, ойлануға уақыт болмады. Мен суға сүңгіп, оны сыртқа шығардым», – дейді жасөспірім.
Әмірханның әкесі офицер екені белгілі болды.
«Әкесі, ҚР Ұлттық ұланы 5547 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Берік Жанулин ұлын жастайынан тәрбиелеп, достықты қадірлеуге, ерлік пен адалдыққа баулыған. Әкесі ұлының бұл әрекетін ерлікке санамайтынын айтты. Бұл әрбір азаматтың міндеті дейді Әмірханның әкесі», – дейді оқушының анасы Гүлдана Жанулина.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!