«Жасыл ел» жастар еңбек жасағының кезекті маусымының жабылу рәсімі өтті.

«Жасыл ел» жалпыұлттық жобасы елімізде 2005 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бұл қозғалыс жастарымызды еңбекке баулып қана қоймай, қазір ортақ идеялар төңірегінде топтастыруда.

2023 жылы «Жасыл ел» жобасын жүзеге асыру үшін облыс әкімі Н. Нәлібаевтың қолдауымен бюджеттен 151,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Осы қаражат шеңберінде биыл 1 871 жас маусымдық жұмысқа тартылды. Оның ішінде 15 пайызы (280) жұмыссыз жастар болса, қалған 85 пайызы (1 591) оқушылар мен студенттер.

Биыл жасылелдіктермен облыс көлемінде орналасқан 118 мәдени-демалыс орындарында (аллея, сквер, алаңдар, парктер) көгалдандыру, тал егу жұмыстары жүргізіліп, жалпы көлемі 50 га астам аумақты қоқыстан тазалау шаралары атқарылды.

Сондай-ақ, экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған 20-ға жуық көшпелі шаралар өткізілді. Бүгінгі шарада маусымдық кезеңде белсенділік танытқан жасылелдіктер «Үздік сарбаз», «Үздік командир», «Үздік топ» номинацияларымен және жұмыс беруші мекемелер тарапынан Алғыс хаттармен марапатталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!