Балалардың құқығы мен заңды мүддесін қорғау — құқық қорғау органдарының басты міндеттерінің бірі. Бұл ретте полиция қызметкерлері балалардың, жасөспірімдердің құқығын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және қайта тәртіп бұзушылыққа жол бермеу, сондай-ақ профилактикалық шараларды тұрақты түрде жүргізіп келеді. Бұл туралы Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Жұлдызбек Құскеев мәлімдеді. 

Жұлдызбек Серікұлының айтуынша жаңа оқу жылы қарсаңында еліміз бойынша жүргізілетін «Мектепке жол» акциясына қызылордалық полицейлер өз үлестерін қосқан. Мұндай игі істер тәртіп сақшылары үшін дәстүрлі үрдіске айналған. Бұл жылы да қызылордалық полицейлер тұрмысы төмен отбасыларға көмектерін көрсетті. 

Аталған акцияның мақсаты аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін көмек көрсету болып табылады.

Жас ұрпақ тәрбиесі – баршаға ортақ міндет. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында полиция қызметкерлері күндіз де түнде де өз міндеттерін қалтқысыз орындайды.

38e2dbfc-45cc-4121-8463-fa76416fe618.jpg

«Қызылордалық полицейлер кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу бағытында нәтижелі жұмыстар атқарды.

Кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын-алу мақсатында«Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» атты жедел профилактикалық іс-шаралары, «Мен және менің полицейім», «Абайлаңыз балалар» атты акциялар өткізілді.

Облыс әкімінің төрағалығымен барлық білім беру ұйымдарының директорлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, ата-аналар мен ата-аналар комитеттерінің төрағаларының, басқа да бала тәрбиесіне құзырлы органдардың қатысуымен «Отбасы-тәрбие бесігі» атты бірлескен кеңес отырысы өтті.

Облыс көлемінде кәмелетке толмағандар және оларға қарсы жасалатын  қылмыстарды алдын алу, болдырмау  бағытында, сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың жүріс тұрыстарына бақылау жасау, заңды өкілдерінің қарауынсыз түнгі уақытта, көшеде және ойын-сауық орындарында бей-берекет жүретін жасөспірімдерді анықтау мақсатында «Балалар түнгі қалада» жедел профилактикалық іс-шарасы және «Мен және менің полицейім» акциясы  өткізілді.

Орта, жоғарғы оқу орындарында  мектептерде және лицейлер мен гимназияларда басқа да құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, алкоголизмнің, есірткі  құмарлықтың, уытқұмарлықтың  зияны, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершіліктері, жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігі, кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын қылмыстардың алдын алу және т.б. тақырыптарда 4526 рет лекциялар, сұхбаттар, кездесулер өткізілді. 

222 кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жатқызды, 42 жасөспірім қылмыс жасағандары үшін ұсталды. Сондай-ақ түнгі уақытта заңды өкілісіз тұрғын жайдан тыс жерде жүрген 4483кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қызылорда облысындағы қоғамдық орындар мен көшелерде, түнгі клубтарда, дискотекаларда, кафе–барлар мен мейрамханаларда мектеп оқушыларының түнгі жүрістерін ырықтау, бей-берекеттіліктің алдын алу, олар тарапынан түн мезгілдерінде орын алатын құқық бұзушылықпен қылмыстың алдын алу мақсатында күнделікті кешкі сағат 22:00-ден бастап рейдтік  шаралар жүргізілді.

Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген 106кәсіпкер, кәмелеттік жасқа толмағандарға және кәмелетке толмағандардың темекі бұйымдарын сату дерегі бойынша 5 тұлғаға, жасөспірімге алкоголь өнімін сатқаны үшін 8 сатушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Балалардың тәрбиесімен айналыспай, ата-аналық міндеттерін орындамаған 5 ата-ананы сот құзырымен ата-аналық құқығынан айырылса, 4 ата-ананың ата-аналық құқығы шектелді. 3 кәмелетке толмағандар Облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатына және 2 жасөспірім «Абай облысының ерекше режимде ұстайтын арнайы мектеп-интернатына»  орналастырылды», – Жұлдызбек Құскеев. 

Жергілікті полиция қызметі басқармасы ӘЗЗҚ тобының ұйымдастыруымен, қала, аудан көлемінде, учаскелік полиция инспекторлары, ювеналды полиция тобының қызметкерлерінің қатысуымен 101 қолайсыз отбасылар тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеріліп, олармен профилактикалық әңгімелесу жүргізіліп, міндеттері түсіндірілді.

Жоғары және орта оқу орындарында -197, кәсіпорындар мен мекемелерде, ұйымдарда -50, «Жасөспірімдердің құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі», «Зорлық-зомбылықсыз қоғам», «Бақытты-отбасы, бақытты -ел», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы не білеміз» т.б тақырыбында әңгімелер, дәрістер, сыныптық сағаттар, дөңгелек үстелдер, тренингтер өткізілген.

2f529fb6-cb43-448f-ba48-7a387d272e72.jpg
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Жұлдызбек Құскеев

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!