Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері «Болашақ» колледжінің студенттерімен кездесті.

300-ден астам студент қатысқан кездесу «Құқық бұзушылық және қылмыс, интернет қауіпсіздігі мен кибербуллинг, лудомания, нашақорлықтың алдын-алу, зорлық-зомбылық, суицид және ерте жүктіліктің алдын-алу»  тақырыбында өтті.

Сала мамандарымен бірлесіп ұйымдастырылған бұл кездесудің мақсаты – жастардың адам тәрбиесі мен қоғам тәрбиесіне байланысты көзқарастарын дұрыс қалыптастыра отырып, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау.

Жиынға Қызылорда ОПД Ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция майоры Абдразақова Раушан Есенжолқызы, Жастар Денсаулық орталығының валеолог маманы Мазқожа Гүлназ Рысбекқызы және психолог маманы Әбсамат Еркебұлан Әділбекұлы, Облыстық Жастар ресурстық орталығының «Жас отбасы және әлеуметтік мәселелер» бөлімінің кеңесші маманы Сұлтан Нұрбол Балтабайұлы қатысты.

Кездесу барысында студенттер қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға нақты жауаптар алды.   

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!