Еліміздің басты мерекесі Республика күні өңірлерде барлық сән – салтанатымен аталып өтіледі. Ұлық мереке қарсаңында дәстүрге сай Қызылордада 20 жас маман ант беріп, құқық қорғау органдарының қатарына алынды.

Полиция қызметіне жаңадан қабылданған  жас полицейлер қызметті адал және абыроймен атқаруға, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы мен бостандықтарын қорғауға салтанатты түрде ант берді. 

Полиция қызметіне жаңадан қосылған жас буынды айтулы күндерімен Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының  бірінші орынбасары полиция полковнигі Амитов Шамшидин Егенбердіұлықұттықтады. Ант қабылдау – әрбір полиция қызметкері үшін толғандыратын салтанатты сәт екендігін атап өтіп, өзінің қызметін, өмірлік жолын халыққа қызмет етумен байланыстырған жас қызметкерлердің азаматтық борыштарын абыроймен атқаруларына тілектестік білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі. 

«Полиция қызметкері болу үшін білім де, білік те, білек те керек. Шапшаңдық пен жылдамдық, жылдам әрекет ете білу қабілеті полицейге қажетті басты қасиеттердің қатарында. Халыққа адал қызмет етіп, антқа адалдық таныту – біздің басты парызымыз. Бұл ретте қиын да абыройлы қызметті таңдаған жас қызметкерлергесәттілік тілеймін!»дедіШамшидин Егенбердіұлы. 

Іс – шара жас мамандардың қатысуымен өткен салтанатты шерумен аяқталды. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!