Баршаның назарындағы Арал ауданында орын алған экологиялық жағдай Сыр жартарында алаңдатып отыр. Аталмыш аудандағы су тапшылығы тұрғындардың ата кәсібінің құлдырауына әкеп соғуда. Осы ретте, аймақ жастары аралдық жерлестеріне гуманитарлық көмек көрсету мақсатында Облыстық жастар ресурстық орталығы жариялаған «Жастардан жәрдем» атты акцияға үн қосуда.

Күні кеше Облыстық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары, «Jas Otan» жастар қанатының еріктілері, «Ақмешіт апталығы» газетінің журналистері, облыстық «Волонтерлық фронт-офисінің» еріктілері қала шетіндегі егістік алқабына барып, шөп орып, Арал ауданына жолданатын жем-шөп керуеніне өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, аймаққа қарасты аудандардың әкімшіліктері, ондағы «Жастар ресурстық орталықтарының» қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, еріктілер аталмыш игі шараға атсалысуда.

Апта соңына қарай жастар мен еріктілердің еңбегімен және кәсіпкерлер мен меценаттардың қолдауымен жинақталған жем-шөп, мал азықтары «Жастардан жәрдем» атты керуенімен Арал ауданына бағыт алады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!