Сегізінші қабаттың терезесінен құлайын деп тұрған қызды құтқарған Сәбит Шонтақбаевқа үш бөлмелі пәтер табысталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сәбит Шонтақпаев өзіне үй сыйлаған «G-парк» компаниясының басшылығына алғысын білдірді.
«Бұлай болады деп ешкім ойламаған. G-Park компаниясының директоры Ғабит мырзаға алғысым шексіз. Осы астана қаласынан 3 бөлмелі пәтер сыйлап жатыр. Рахмет!» – деді ол.
Еске салсақ, осыған дейін Нұр-Сұлтанда ер адам жоғарғы қабаттан құлап бара жатқан бүлдіршінді құтқарып қалған.
Қала әкімі Сәбит Шонтақбаевқа несие алуға және жұмысқа тұруға көмек берілетінін айтқан еді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!