30 жылдығына орай және 23 шілде – дүниежүзілік шахматшылар күні қарсаңында Облыстық жастар ресурстық орталығы және «Чемпион» шахмат клубы­ның ұйымдас­тыруымен оқушылар арасында  шахматтан қа­ла­лық турнир өтті.

30-ға жуық оқушы қатысқан турнирде шахматтың жілігін шағып, майын ішкен тәжірибелі мамандар жас спортшылардың аяқ алысы жаман емес екенін және жақсы дайындықпен келгенін айтады. Тұтастай алғанда, ойындар өте қызықты өтті. Жас шахматшылар өзінің жарысқа қатысуы кездейсоқ еместігін дәлелдеуге тырысып, небір тамаша ойын комбинацияларын қолданды. 

Жарыс қорытындысы бойынша, барлық қатысушыларға арна­йы алғыс хат табысталып, жеңімпаздар дипломдармен және медальдармен марапатталды.  Сонымен қатар жеңіске жеткен оқу­шыларға қалалық спорт бөлімінің тағайындауымен спорттық атақ беріледі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!