Шымкентте учаскелік полиция қызметкері миллион теңгесі бар жоғалған әмиянды иесіне қайтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Жергілікті тұрғын Умида Әбдімүтәліпова сауда орталығында жүріп, көп ақша, құжаттар мен банк карталары салынған әмиянның жоғалтып алған. Бір сағатқа жуық сәтсіз іздеуден соң ол полицияның көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.
«Бүгін сауда орталығына келген кезде мен әмиянның жоғалғанын білдім, оның ішінде бір миллион теңгеге жуық ақша бар. Біз бір сағаттай өзіміз іздестірдік. Содан кейін полицияға хабарластым. Учаскелік полиция қызметкері оны тауып, берді. Рахмет», – деді әйел.
Полиция қызметкері Нұрбол Төлендібаев іздестіру кезінде бутиктердің біріндегі диванның астынан әмиянды тауып алған. Осылайша ол оны заңды иесіне қайтарды.
Тұрғын тәртіп сақшысының жедел жұмысы мен адалдығы үшін шынайы алғысын білдірді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!