Кез келген істі бастарда кідіріссіз кірісу керек-ақ. Әйтпегенде істің өніп, жетістікке жетуі екіталай. Өзгенің түртпектегені алға ұмтылуға түрткі болады деу қате ой. Ынтасы жоқ жанның біреудің ырқына көніп, шыңға шығуы да тым сирек. Сондықтан ұмтылыстың ұсақталмағаны ләзім. Бүгінде мотивациялық және психологиялық кітаптар басым. Өйткені сұраныс жоғары, оқылым көп. Осылайша жастар бақыт пен байлыққа бастар жолды білмек ниетте. Көптің пайымдауынша, жігерді жасытпай, жалқаулықтан арылуға осы мазмұндағы кітаптар сеп екен. Авторлар да өмірлік тәжірибесі мен түйгенін тізіп, үстін-үстін кітап жазуға әуес. Бірақ бұл әркімге әртүрлі әсер етеді.
Қазіргі таңда жастар кәсіп игеруде беделді бизнесмендердің бағытын негізге алады. Керек кеңесін түртіп алып, қажетіне жаратуға әзір. Ал ақпарат көзіне сүйенсек, танымал туындылар тізімі төмендегідей:
Стивен Р. Кови
«Жоғары нәтижелі адамдар жеті білімі» . Бұл кітап ғаламдық бестселлер және мотивация бойынша ең жақсы кітаптардың бірі болып табылады. Онда автор табыстың маңызды компоненттері туралы айтады. Ол жағдайға қарамастан, қадағалануға тиіс бірнеше мінез-құлық қағидаларын ұсынады. Стивен Р. Ковейдің жеті дағдысы адамға жетістікке жету жолында тәртіпті сақтауға көмектесуге арналған.
Наполеон Хилл
«Ойлан және бай» . Бұл – кітап мотиваторлық кітаптардың бірі. Онда автор әртүрлі миллионерлермен сөйлескеннен кейін жасаған тұжырымдары туралы әңгімелейді. Наполеон Хилл адамға жетістікке жетуге немесе сәтсіздікке әкелетін адамның ойына назар аударады. Сондай-ақ автор адам ойында шекара жоқ, ынта болса, адам өзі ойлаған нәрсеге қол жеткізе алады деген дүние айтылған.
Норман Винсент Пиал «Позитивті ойлаудың күші». Мазасыздық және қайғырмау – күлімсіреп, проблеманы шешуге кірісу. Алға қадам жасау қиын болуы мүмкін, бірақ бұл жақсы өмірге әкелетін жолдың басталуын білдіреді.
Роберт Ти Кийосаки
Sharon L. Lecter «Сіздің бизнесіңіз басталар алдында». Адамның салада қабілеті мен тәжірибесі болмаса бизнес бастау өте қиын. Сондықтан автор кәсіптің көзін тауып, табысты дамуы үшін қалай бастау керек және қандай жоспарды жүзеге асыру қажеттігі туралы ұсыныстар береді.
Майкл Эллсберг «Дипломы жоқ миллионер. Дәстүрлі білімсіз қалай табысқа жетуге болады?» Майкл Эллсберг өзінің дәстүрлі жоғары біліміне неге сенбейтінін түсіндіреді. Бай адамдардың өмір жолын талдауға негізделген, ол проблемаларды шешудің дәстүрлі емес тәсілінің маңызы туралы қорытындыға келеді. Мұндай тәсіл қарапайым жоғары білімі бар адамдарға тән емес, олар өздері үйренген жолды ұстануға тырысады. Қоғамға және жалпы қабылданған стандарттарға шақыру – табысқа және байлыққа әкелетін жол.
Түйіндей келе, сізге үлгі болатын кім, жігер беретін не? Әлде көш ілгері жүру үшін өз-өзіңізді тәрбиелейсіз бе, оқырман?!
Замира ҚОНЫСЖАН
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!