Сырдария өзенінің сол жағалауында 7 қабатты 6 тұрғын үй бой көтереді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен көшпелі брифингте БАҚ өкілдеріне қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Әнуар Айдын айтты.
– Бүгінгі таңда 1 тұрғын үйдің конкурсын «Аман Құрылыс» ЖШС-і жеңіп, құрылысын бастап кетті. Қалған үйлердің конкурс нәтижесі сәуір айында белгілі болады. Жалпы саны 504 пәтер болатын үйлер заманауи талапқа сай. Әрбір үйде лифт қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ тұрғын үйлер сейсмикалық талаптарға толық сәйкес келеді. Аймақ басшысының тікелей қолдауымен жоба келер жылы қолданысқа беріледі деп күтілуде, – деді Айдын Серікұлы.
Өңірлік коммуникациялар қызметі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!