Өмірде адамзат баласына жаратқан беріп қойған ерекше сезімдер бар.Ол сезімдердің құдіреті шексіз.Екі адамның арасын жақындастырады. Адам жанын жадырататын ерекше бір қасиет,ерекше сезімдердің бірі- сүйіспеншілік.
Сүйіспеншілік барлық адамзатқа керек.Сүйіспеншілік бар жерде ынта оянады,махаббат ашылады.Яғни,ата-анаға,бауырға,досқа деген сүйіспеншілік-өзіңе де,өзгеге де жақсы әсер сыйлайды.Осы орайда,Абай атамыздың “Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп” деген асыл сөзі ойға түседі. Иә,расымен де.Адамзаттың бәріне тек жақсы көзбен қараған адам ешқашан жаман болмайды.Адамға, қоғамға,айналаңа,жалпы өмірге махаббатпен қарау керек.Сонда ғана бауырмалдығың,сүйіспеншілігің арта түседі.Мысалы,доспен ара-қатынаста сүйіспеншілік өте маңызды.Адам жанындағы адамға белгілі бір сезіммен қарамаса,бір-бірінің бағасына жете алмайды.Ал,өзгені бағалай алмау- өзін жақсы көрмеу деген сөз.Міне,осылайша адам бойындағы Алла бұйыртқан ұлы сезімдер бір-бірімен ұштасып жатыр.Сүйіспеншіліктің құны мен үшін өте маңызды.Мен үнемі жанымдағы адамдардың бәріне сүйіспеншілікпен қарап,жақсы көруге тырысамын.Бұл-мінездің де көркемдігі.
Сүйіспеншілік несімен құнды?
Сүйіспеншілік ара-қатынасты жақсы жаққа бағыттай алуымен,ата-анаңа деген махаббатыңды дұрыс көрсете білуімен,жақсы адамдарға толы ортаңның көбеюімен құнды.Сүйіспеншіліктің адам өмірінің мәні бола алатындығы да-осы.Қазір ұялы телефон мен әлеуметтік желіге таңылған заман болды.Балалардың сүйіспеншілік пен махаббатты,басқа да сезімдер мен қасиеттерді дұрыс ұғынбауына себеп те сол.Телефонға,гаджетке кіріп кеткен балалардың айналаға қарауға,дос табуға,қарым-қатынас құруға уақыты да,зауқы да жоқ.Міне,сүйіспеншіліктің тәрбиеге енбей кететіні де осыдан.Бала ата-анасымен дұрыс қарым-қатынаста болмаса,достарымен араласпаса,ол сүйіспеншілікті қайдан білсін?! Ата-ана баламен тығыз қарым-қатынаста болу керек.Жақсы көруді,сүюді білу керек.Біліп қана қоймай,жүрекпен сезіну керек.Сүйіспеншілік-патиротизмнің бастауы дер едім.Себебі,өскенде ұлтына жаны ашитын әр азамат бала кезінен бастап-ақ сүйіспеншілікті түсіну керек.Бұл қасиет оның бойынан табылуы қажет.Отанға пайдаң тию үшін сүйіспеншілік қажет-ақ.Ата-анаңды,бауырыңды,досыңды қалай құрметтеп,жақсы көрсең,отаныңа да солай сүйіспеншілікпен қарауың керек деп ойлаймын.

Алдамжар Зарина
Жанқожа батыр атындағы 70 мектептің 11 сынып оқушысы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!